АКСИОМАЛЫҚ ӘДІС — ғылыми теорияны аксиомалар деп аталатын негізгі тұжырымдар арқылы құру тәсілі. А. ә-ті пайдаланудың үлгісін Евклид (б.з.б. 300 ж.) өзінің атақты “Негіздер” деп аталатын еңбегінде көрсетті. 19 ғ- дың басында орыс ғалымы Н.И. Лобачевский мен венгр математигі Я.Больяйдің (1802 60) ашқан Евклидтік емес геометриясы А. ә-тің одан әрі дамуына үлкен әсер етті. Олар Евклидтің параллельділік туралы 5-қағидасын теріске шығара отырып, таза логикалық әдіс арқылы Евклид геометриясы сияқты үйлесімді әрі мазмұнға бай жаңа геом. теория құруға болатындығын дәлелдеді. Бұдан кейін матем-дағы аксиомалар жүйесінің қайшылықсыздығы, толықтығы және тәуелсіздігі сияқты жалпы мәселелерді зерттеу күн тәртібіне қойылды. А. ә- тің одан әрі дамуы неміс математигі Д. Гильберттің (1862 — 1843) еңбектерінде ерекше орын алды. Оның ғыл. бағытында аксиомалық теорияның ұғымы, яғни формальды жүйе ұғымы нақтыланды. Мұның нәтижесінде матем. теория дәл матем. объектілер ретінде қарастырылып, жалпы теорияны (метатеорияны) құруға мүмкіндік жасалды. Бұл салада австрия математигі К. Гёдель (1906 — 78) және американ математигі П.Дж.Коэн (1934) үлкен үлес қосты.