АКСИОМА (грек. axioma – лайықты қабылданған қағида) — нанымдылығы ақиқат (шындық) болғандықтан, логикалық дәлелдеусіз алынатын қағида; теорияның ақиқат (шындық) ең бастапқы қағидасы. “А.” термині Ертедегі Грекияда пайда болған. Ол алғаш рет Аристотельдің (б.з.б. 384 — 322) еңбектерінде кездеседі. Ал Евкпид (б.з.б. 3-ғ.) А-лық жүйені пайдалана отырып, өзінің басты еңбегі — “Негіздерді” жазды. Математикалық теорияның негізі болып табылатын А-лар жүйесі де А. сияқты үнемі өзгертіліп әрі жетілдіріліп отырады. А-лар жүйесіне оның қайшылықсыздығы, тәуелсіздігі және толықтығы сияқты негізгі талаптар қойылады. Аксиомалық тәсілдер геометрияда, арифметикада, ықтималдықтар теориясында, т.б. салаларда кеңінен қолданылады.