АКРИЛАТТАР — акрил қышқылының эфирлері, СН2 = СН — СООR немесе оның тұздары. А. судан жеңіл, әрі онда нашар ериді, бірақ көптеген органик. еріткіштерде жақсы ериді. Барлық А. полимерле ну реакциясына бейім келеді. А. эфирлері полимерлер өндірісінде кеңінен пайдаланылады. Ал оның тұздары мономерлер түрінде баспа бояулары мен пасталарының қоспасы және лактардың құрамдас бөліктері ретінде қолданылады.