АКПИНОЛ

АКПИНОЛ — өсімдіктің өсуін реттейтін иіссіз, улылығы өте аз, ақ түсті қатты ұнтақ зат. Диацетиленді пиперидинді гликолдар қатарына жатады. Суда, спиртте жақсы ериді. Ол а.ш. дақылдарының өсіп жетілуіне, өнімділігінің артуына ықпал жасайды. Олардың экстремалды жағдайларға және ауруларға қарсы тұруына қолайлы әсер етеді. А-дың 0,01 — 0,0001 % судағы ерітіндісін дакылдардың тұқымдарын себер алдында немесе олардың өсу кезінде бүркіп қолданады. А. өсімдікке қажетті қоректік заттардың көп жиналуына, оның ерте гүлдеп, пісіп-жетілуіне әсер етеді. Сонымен бірге өсімдіктердің құрғақшылыққа, тұз және радиацияның өсеріне төзімділігін арттырады. А. дақылдардың сапасын жақсартады, әр түрлі бұта және ағаш тұқымдастардың көшеттері мен қалемшелерінің тамырлануын жақсартады. А-ды Қазақстанда химиктер Е.Н. Әзірбаев, Қ.Б. Ержанов, Т.С. Садықов синтездеп, а.ш— на енгізген (1986). Өндіру технологиясы ҚР ЕМ — ҒА химия ғылымдары ин-тында жасалған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *