АКМОЛИНСКИЕ ОБЛАСТНЫЕ ВЕДОМОСТИ

“АКМОЛИНСКИЕ ОБЛАСТНЫЕ ВЕДОМОСТИ” — Омбыда 1871 — 79 ж. айына екі рет, 1880 — 1914 ж. күн сайын шығып тұрған ресми газет. Ген.-губдың баспасөз басқармасының органы. Газеттің ресми бөлімінде — Ресей үкіметінің қаулы-қарарлары, нұсқаулары, бұйрықгары мен жарлықтары, бейресми бөлімінде әр түрлі хабарлар, обл-тағы кейбір оқиғалар туралы деректер тізбесі жарияланды. “А. о. в-ге” қосымша ретінде қазақ тілінде “Дала уәлаятының газеті” (1888 — 1902), орыс тілінде “Особое прибавление к Акмолинским областным ведомостям” (1888 — 93), “Киргизская степная газета” (1894 — 1901) шығып тұрған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *