“АКМОЛИНСКАЯ ПРАВДА” — Ақмола облыстық әкімшілігі мен мәслихатының газеті. 1939 ж. қазан айынан шыға бастады. Көлемі 4 бет, қалыбы А 3. Тың өлкесінің құрылуына байланысты “Целинный край” (1962 — 65), “Целиноградская правда” (1965—82) деп аталған. 1992 ж. бастап қазіргі атымен шығып келеді. Негізгі мақсаты — халықты астаналық облыстың тыныс-тіршілігі, а.ш. мен өнеркәсібінің, жалпы экон- сының даму барысымен жан-жақты таныстыру.