АККУМУЛЯТТАНУ, а к к у м у л я ц и я (лат. accumulatio — жиналу, топталу) — геологиялық процестердің нәтижесінде бұзылған борпылдақ тау жыныстары мен минералдардың, органикалық қалдықтардың жер бетіне немесе теңіз, көл, су түптеріне жиналуы. Олардан диагенез нәтижесінде шөгінді тау жыныстары пайда болады. Шөгінділердің су түбіне жиналуын субаквалдық А., құрлық бетінде жиналуын с у б а э р а л д ы қ А. деп атайды. Жиналу орындары мен пайда болу себептеріне қарай А-дың теңіздік, көлдік, өзендік, желдік, мұздық, органогендік, т.б. түрлері бар. А. нәтижесінде аккумуляттанған жер бедері қалыптасады.