АККОМОДАТТАНУ

АККОМОДАТТАНУ, а к к о м о д а ц и я (лат. accomodatio — бейімделу, ыңғайлану) — биология мен медицинада бейімделу (адаптация) ұғымына жақын және белгілі бір процестерге байланысты қолданылатын термин.

Физиологиялық А. — тіндердің (жүйке, бұлшық ет) біртіндеп күшейетін сыртқы қоздырғыштарға бейімделуі. Ол жылулық, электрлік, мех. әсерлердің нәтижесінде болады. А-ды физиологияға 1908 ж. неміс ғалымы В.Нернст енгізген. Тіңдердің қозуы қоздырғыштардың әсер күшінің шамасы мен әсер ету ұзақтығына байланысты болады.

Гистологиялық А — қоршаған орта әсерлерінен болатын клетка бөліктерінің пішіні мен өзара қатынасындағы қайтымды өзгерістер. Мыс., қан тамырымен қан жүрмеген жағдайда эндотелий клеткалары куб тәрізді пішінге айналады.

К ө з А-ы — көздің әр түрлі қашықтықтағы заттарды анық көруге бейімделуі. Көз А-ның механизмін түсіндіретін теорияны неміс ғалымы Н.Гельмгольц ашқан. Көз А-ы кезінде көз қатар түскен сәулелердің бағытын өзгертеді. Ол көз бұршағы пішінінің өзгеруінен болады. Көз бұршағы көз алмасына арнайы сіңірлер арқылы бекілген. Егер көз бұлшық еттері жиырылса, сіңірлер босаңсиды да, көз бұршағының дөңестігі ұлғайып, зат- тан шыққан сәулелердің бағыты күшті өзгереді. Адамның жасы ұлғайған сайын, әсіресе, 40-тан асқаннан кейін, көз бұршағының пішінін өзгертетін еттердің жиырылғыштығы кеміп, көз дөңестігін үлкейту және кішірейту қасиеті нашарлайды, яғни көздің А. күші әлсірейді. Жасы ұлғайған және кейбір 40-тан асқан адамдар жақыннан кітап, т.б. оқығанда, әріптер бұлдырап көрінбейді, сондықтан олар кітапты, т.б. өзінен алыстатып ұстап оқиды. Мұны алыстан көрушілік дейді. Мұндай адамдар дөңес линзалы көзілдірік киюі қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *