АКВИНСКИЙ Фома (1225 немесе 1226 — 1274) — ойшыл, орта ғасырлардағы христиандық саяси тұжырымдаманың негізін салушы. Ол мемл-тің жағымды рөлін мойындады, оған құдайдың еркін жүзеге асырушы деп бағалады. Рухани және зайырлы биліктердің арақатынасын жан мен тәннің арақатынасы ретінде қарастырды. Бірақ рухани билік (шіркеу) мемл. биліктен жоғары тұрғанда ғана шіркеу мен мемл. қатар өмір сүріп, өзара әрекеттесе алады деген пікірінен танбады. Әйтсе де, оның көптеген пікірлері Арис- тотельдің саяси ойларымен үндесіп жатыр. Мыс., А. мемл. биліктің дербес, табиғи жолмен қалыптасуын жақтады, оған діндарлардың араласуына қарсы шықты. Әсіресе, А. әр қилы басқару пішімдерінің — монархияның, аристократия мен демокр. лайықты “таза” пішімдерін бойына жинақтаған мемл-ті ұлықтады. Абсолюттік монархия мен саяси монархияның ара-жігін аша түсіндіріп, монарх билігі заң шеңберінде айқындалатын соңғысын, яки, монархияның саяси түрін дәріптеді.