АКБАР, Әбу-л-Фатх Жалал әд-Дин Акбар

АКБАР, Әбу-л-Фатх Жалал әд-Дин Акбар (15.10.1542, Умаркот, Синд штаты, Үндістан — 1605, Агра) — Үндістанның моғолдар әулетінен шыққан ұлы падишаһы (1556 — 1605), қолбасшы. Бабырдың немересі. Мальваны, Раджпутанды, Гуд- жаратты, Бенгалияны, Аудты, Бихарды, Синдті, Кашмирді жаулап алып, өз тұсында империя жерін едәуір ұлғайтты және моғол әулетінің билігін нығайта түсті. Елде әкімш., әлеум. реформаларды жүзеге асырды. А. дүниетанымы кең, рухани бай адам болған. Ол бүкіл болмыстың біртұтас және оның себебі бір екенін жақсы түсініп, сол кездегі Үнді жеріндегі түрлі діни көзқарастарды біріктіруге ұмтылды. А. “дін-и илаһи” (Құдай діні) деп аталатын жаңа ілім енгізді. Бұл исламды, будда дінін, зороастрашылдықты және жайнизмді біріктіруге ұмтылған талпыныс еді. А-дың кезінде Үндістанда сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері салынды: Агра маңындағы форт (1565 — 1574), Фатехпур Сикри қ-сы (1569 — 74), Аймер форты (1564 — 73), Делидегі Сарай қақпасы (1560), Лахор форты (1586 — 1618), т.б. Олардың құрылысында мұсылман сәулет өнері мен үнді дәстүрінің озық үлгілері жарасымды пайдаланылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *