АҚ ҚҰЮ — ұлттық ырым. Негізі — жан-жануарды аялаудан, үйге кіргендерге зәбір жасамау сезімінен туған. Үйге не кірсе де нәр іздеп келеді деп түсініп, улы жыланның басына да ақ құйып шығаратын болған. Ақ (сүт) — қазақ ұғымында аса қасиетті тағам. Ырымның мәні өзіңе зиян жасамаса, сен де тиме, дұшпаның болса да дәмінді аяма, отбасының қасиеті осы дегенді білдіреді.