АҚҚҰМ — Қызылорда обл— ның Жалағаш ауд-ндағы ауыл. Аудан орталығы — Жалағаш кентінен 20 км жерде, Сырдария өз-нің сол жағалауында орналасқан. Тұрғыны 2,2 мың адам (1997). А-да әр түрлі а.ш. өнімдерін дайындау цехтары жұмыс істейді. Мұнда орта мектеп, балабақша, емхана бар.