АҚТАСТЫ — Қарағанды обл-ның Қарқаралы ауд-ндағы ауыл, Арқалық ауылдық әкімш. округінің және Тәттімбет атындағы толық шаруа қожалығының орталығы. Қарқаралы қ-ның солт.- шығысында 135 км, Қарағанды қ-нан шығысқа қарай 347 км жерде, Ертіс алабындағы Түндік өз-нің оң жағалауында орналасқан. Ең жақын т. ж. стансасы — Талды (125 км жерде). А-ның іргесі 1930 ж. қаланған. Тұрғыны 1,6 мыңдай (1997). А-да мұнай қоймасы, электр ст., орта мектеп, аурухана, кітапхана, тұрмыс қажетін өтеу пункті бар. Тұрғындары елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады.