АҚБАСТАУ

АҚБАСТАУ — Оңт. Казақстан обл-ның Бәйдібек ауд-ңдағы ауыл, әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы — Шаян а-нан оңтүстікке қарай 30 км-дей жерде, өлең, қоңырбас, т.б. өскен қызғылт қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. 1990 ж-ға дейін Глинково а-ы деп аталып келді. Тұрғыны 6,3 мың адам (1997). Ауылда астық, ет, сүт өндірумен айналысатын шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Орта мектеп, клуб, тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорны, балабақша, т.б. бар. А. үстін басып, Шымкент — Түркістан автомоб. жолы өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *