АҚБАСТАУ

АҚБАСТАУ — Қарағанды обл. Қарқаралы ауд-ның батысындағы өзен. Шет ауд-ның солтүстігіндегі Жақсы Қаражал тауының бұлақтарынан басталып, Жуантөбе, Егізқызыл тауларының батыс тұсында Нұра өз-не құяды. Ұз. 83 км, су жиналатын алабы 1570 км2. Жылдық орташа су ағынының мөлш. 0,18 м3/сек. Сол жағынан АйнасуҚамыстыбұлақ, оң жағынан Қасқақұдық сияқты ұзынды-қысқалы 8 сала құяды. Суы жыл бойы ішуге жарамды. Желтоқсанның 1- жартысында қатып, сәуірде ериді. Аңғарының шалғындық ақшыл қара қоңыр топырағында бидайықты шалғын, тал бұталар, алабының қыратты жерінде бетеге, қызғылт селеу, т.б. өседі. Жайылмасы шүйгін шабындық болғандықтан, жайылым ретінде пайдаланылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *