АҚБАЛА МЕН БОЗДАҚ

“АҚБАЛА МЕН БОЗДАҚ” — салт айтысының үлгісі, өлі мен тірінің айтысы. Авторы туралы еш дерек жоқ. Алғаш ел аузынан жазып алып, бастырған В. Радлов. Он бір буынды қара өлең үлгісімен келетін айтыс, бірін-бірі сүйген екі жас — Ақбала мен Боздақтың алма-кезек жауаптасуынан тұрады. Айтыс мазмұны екі ғашықтың бас қосқанын біліп қойған қыз әкесінің “қызымды бермеймін” деп үдере көшуінен басталады. Олар алыс көшіп кеткен соң, Боздақты әкесі бұрынғы айттырған қайнына жібереді. Жігіт қайтып Ақбаланың жеріне келсе, ол қайтыс болыпты. Айтыс Ақбала мен Боздақтың, өлі мен тірінің жауаптасуына құрылған. Айтыста әлеум. теңсіздік, әділетсіздік, екі жастың бір-біріне сүйіспеншілігі көркем көрініс тапқан. Айтыс “Түркі халықтары әдебиетінің нұсқаларында” (II- том. С.-Петербург, 1870 ж., бастырған В. Радлов), 1923 ж. “Темірқазық” журналының 2 — 3 санында (109 — 115 беттер), М., 1965 ж., “Айтыс” жинағының 1-томында, “Қазақ халық әдебиеті” көптомдығының 13-томында (33 — 37 беттер) жарияланған. Соңғы жинаққа да В.Радловтың нұсқасынан алынып берілген. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *