АҚБАЛА Жанғабылов (1896 ж.т., қазіргі Оңт. Қаз. обл. Қызылқұм ауд. Қараөзек — 1945 ж., Көлқұдық) — күйші, домбырашы. 1915 — 16 жылдардағы аласапыран кезде “Кертолғау” күйін шығарған. Әлзақ домбырашыны ұстаз тұтқан. 1932 жылғы ашаршы- лықта азып-тозып, көшіп- ауған халықтың қиыншылығын көріп, “Ай, қиын болды- ау!” күйін шығарған. Кейін бұл күй “Ақиын” аталып кеткен. Өзі сарып болып ауырып жатқанда үйде ойнап жүрген қызы отқа құлап кетеді. Кемтар болып қалған сәбиіне арнап “Ұлмекен” күйін шығарған. Сондай-ақ А-ның “Ықылас”, “Айжанның жүрісі”, “Шаңқобыз”, т.б. күйлері бар.