АКАДЕМИЗМ (франц. academicme), бейнелеу өнерінде — 16—19 ғ-дағы көркемсурет академияларында қалыптасқан, көне заман мен қайта өркендеу дәуіріндегі өнердің сыртқы пішіміне жалаң еліктеу негізінде құрылған классикалық өнер бағыты. А. 16 ғ-дың аяқ шенінде Италияда пайда болып, өнердегі ресми бағыт ретінде 17 —19 ғ- да басқа елдерге тараған. А. кәсіби білімді бір жүйеге келтіруге жағдай жасады, оның әсемдік мұраттары, қасаң қағидалары мен ережелері, көркемдік өнерге жаңа бетбұрыс алып келді.