АЙҚЫНДАУЫШ — айқындайтын сөзінің жетегінде қосарлана айтылып, оның мазмұнын ашып тұратын сөз не сөздер тобы. О ң а ш а л а н ғ а н А-тар, қ о с а р л ы А-тар және қ о с а л қ ы А-тар болып бөлінеді. Оңашаланған А. айқындайтын сөзінің соңынан келіп, оны ерекшелеп көрсетеді. Мыс.,Үйде, Абайдың қасында, бұл ауылдың адамдарынан бөтен түсті үш кісі отыр (М. Әуезов). Қосалқы және қосарлы А-тар айқындайтын сөзімен мағыналық және интонациялық бір бүтін құрап тұрады. Қосалқы А-тар айқындайтын сөзін әлеум., туыстық, кәсіптік, жас мөлшерлік, т.б. белгілері жағынан ерекше атап көрсетсе (Әсет ағай, Айжан қыз, Наурызбай батыр, т.б.), қосарлы А-тар айқындайтын сөзінің ерекше белгісін қосарлап айтып, онымен мәндес қатар құрап тұрады (батыр-ұшқыш, әйел-ана, қызметші-малай).