АЙҚЫМ

АЙҚЫМ — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамына кіретін шапырашты тайпасынан таратылады. Ұраны — Қарасай, таңбасы — ай, тұмар. 1917 ж. дейін А. руы Верный уезін мекендеген. Қыстаулары — Ақши, Қарғалы, Ұзын-Қар- ғалы деген жерлерде болған, бір бөлігі — Айдос, Қасқабұлақ, Қызылауызды қыстаған. Ежелден Есік, Түрген, Іле өз-нің жоғарғы және орта ағысын иеленген. Шыбыл, асыл, ес- қожа дейтін аталас рулармен көрші отырған. А. Қайдауыл, Сейтқұл, Қалқаман деген үш атаға бөлінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *