АЙҚАЙЫҢ

АЙҚАЙЫҢ (Маlcolmia) — орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Оңт. Қазақстан, Шығ. Қазақстан, Алматы обл-тарындағы тау беткейлерінде, өзен аңғар- ларында, құмды, сортаң жерлерде өседі. Елімізде А-ның 9 түрі бар, оның ішінде ең көп тарағандары: Түркістан А-ы, түкті А., жеміс А-ы, Африка А-ы. Олардың биікт. 5 — 40 см, сабақтары түбінен тарамдалған. Жапырағы сопақша, бүтін жиекті, кейде ойық, тісті келеді. Гүлдері күлгін қызғылт түсті, қалың гүл шоғырына топтасқан. Наурыз — мамыр айларында гүлдейді. Наурыз — шілдеде жеміс береді. Жемісі қысқа, жуан сағақты бұр- шаққын. Тұқымы бір не қос қатарлы орналасады. А. — құнарлы мал азығы. Оны халық медицинасында да пайдаланады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *