АЙҚАЙ — адамның өз іс- әрекеті мен қылығына иелік ете алмай қатты тіл қатуы, дауыс көтеріп сөйлеуі. А. әдеттегі сөйлеу мөлшерінен қатты шыққан дауысты немесе үнді білдіреді. А-дың ауыспалы бір мағынасы ұран салу ұғымын да аңғартады. У-шу, даурыққан көп дауыстар да А. деп аталады. А. адамдардың іс- әрекетіндегі сезім күйлерін танытады. Психол. тұрғыдан А-шылдық — адамның жағымсыз қасиеті.