АЙҚААТ

АЙҚААТ (араб. кесім, норма) — мұсылманшылық құқықта: өзара қарым-қатынас жасаушы тараптардың заң жүзінде жасалатын келісімдерін талап етпейтін міндеттемелерінің жиынтық атауы. Ол әркімнің ішкі сенімі арқылы пайда болып, ерікті түрде жүзеге асуға тиіс. Екі жақтың өзара келісімі талап етілмегенімен, А-қа міндетті түрде куәгерлер қатысады, сот жол-жоралғылары (яғни, сот процесі өткізіледі, іс қағаздары, құжаттамалары рәсімделеді, т.б.) атқарылады. 

А-қа енген міндеттемелер өз мәндеріне орай 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім — отбасы тұрмысына қатысты міндеттемелер. Оған: 1) ажырасу; 2) ғайбат, көңіл қаларлық сөз айту; 3) ашына еместігі жайында ант ету; 4) қарғыстар туралы тарау кіреді. Екінші бөлім— құлдардың хал-ахуалдарына қатысты міндеттемелер. Оған: 1) жалпы құл жағдайы; 2) құлдарды қожасының еркімен азат ету; 3) құлдарды заңды түрде азат ету; 4) қожасы өлгеннен кейін азат ету; 5) құлдарды сыйлық шарты бойынша азат қылу; 6) қашқын құлдарды іздеп табу шаралары; 7) күндермен отасу және олардан туған балалар туралы тараулар кіреді. Үшінші бөлім — сот ісін жүргізуге қатысты мін- деттемелер. Оған: 1) мойындау; 2) ант ішу тараулары кіреді. Төртінші бөлім діни серт беру және күнә мен қылмыс жасаушылардың өкіну (арылу) мәселелерін қамтиды. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *