АЙҒЫР ҚИЯҚ, еркек қияқ, құм қияқ (Elymus giganteus) — астық тұқым- дасына жататын көп жылдық тамыр сабақты шөптесін өсімдік. Казақстанның барлық жа- зық аймақтарында, құмды, құмайт далаларында, сортаң жерлерінде, шабындықтарында өседі. Биікт. 50 — 100 см, сабағы тік, қырлы, тықыр, тамыры ұзын, төселмелі келеді. Жапырағы таспа тәрізді, үстіңгі беті бұдырлы, сұрғылт жасыл түсті болады. Масақ гүлі калың, жасыл күлгін түсті, 3-6 гүлден тұрады. Өсімді (вегетативті) жолмен және тұқымынан көбейеді. Жемісі бір тұқымды. Тұқымында 11 % белок, 12 — 18% протеин бар. А. — құнарлы мал азығы, сондықтан гүлдемес бұрын сүрлем, пішендеме даярлау үшін шабылады. Биол. бағалы қасиеттеріне байланысты будандастырып, өнімді өсімдіктер алу үшін де пайдаланылады. А. құмдақ топырақты тоқтату үшін және жайылым өсімдігі ретінде кейбір аймақтарда қолдан өсіріледі.