АЙҒЫРҚҰМ

АЙҒЫРҚҰМ — Шығыс Қазақстан обл. Зайсан к-нін шығысындағы Қара Ертіс өз-нің сол жағалауында орналасқан құмды алқап. Теңіз деңгейінен абс. биікт. 520 — 560 м-де жатыр. Ірі Қара Ертіс құм алқабының бір бөлігі болып саналады. А-ның ұз. 35 — 40 км, ені 12 — 15 км. А. — төрттік кезендегі шөгінділерден құралған қыратты жазық. Өсім- діктен жүзгін, құм жусаны, қияқ өседі. Климаты континенттік, қысы суық -34 — 40°С, ал жазы құрғақ, орташа темп-расы 24°С, ең жоғары темп-расы 40 — 42°С. Жауын- шашын аз түседі, көбіне нөсер түрінде болады. Оның жылдық мөлш. 200 мм. А. күзгі және қысқы жайылым ретінде пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *