АЙҒЫЗ

АЙҒЫЗ — Шығыс Қазақстан обл-ның Шұбартау ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің орталығы. Аягөздің саласы Айғыз өз-нің маңында, Аягөз — Баршатас автомоб. жолының қиылысқан тұсында, шөлейт белдемде орналасқан. Тұрғыны 1 мыңға жуық адам (1997). Іргесі 1928 ж. қаланды. 1961 жылдан Калинин атынд. қой кеңшарының орталығы болған. Кейін оның негізінде шаруа (фермер) қожалықтары құрылды. А-да машина-трактор жөндеу шеберханасы, аурухана, орта мектеп бар.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *