АЙҒЫЗ — Шығыс Қазақстан обл-ның Аягөз ауд-ндағы өзен. Шыңғыс тауындағы Ақшатау жотасының оңт. баурайынан басталады. Ұз. 81 км, су жинау алабының ауд. 865 км2. Көп жылдық орташа су шығыны 0,3 м3/с. Өзен тік беткейлі, тар терең шатқалмен ағып, жазыққа шыққан соң ағысы баяуланады. Бұл тұста аңғарының ені 100 — 150 м-ге кеңейеді. А-дың суы атмосф. жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Көктемде тасиды, суы егін және мал суаруға пайдаланылады.