АЙҒОЖА ИШАН КҮМБЕЗІ (18 — 19 ғ.) — сәулет өнері ескерткіші. Қызылорда обл. Жаңақорған ауд-ңдағы Бесарық ст-ның оңт-нде орналасқан. Күмбезді А. ишан қабірінің басына үлкен ұлы Ибадулла бұхаралық Хамит деген шеберге орнаттырған, кірпішін жергілікті халық кұйған. А. халыққа білім беріп, имандылыққа тәрбиелеген кісі. 1778 — 1858 ж. аралығында өмір сүрген. Күмбез шаршы пішіндес, ауд. 9×9 м, биікт. 8 м, күйдірілген кірпіштен қаланған. Қабырғалары геом. және шырмауықты ою-өрнекпен безендірілген, 8 қырлы барабанды күмбезінде жарық түсетін 4 терезесі бар. Маңдайшасын бөренеден киған. Ішіне сағана түрінде құлпытас жасалып, үстіне арқардың мүйізі қойылған. Қабырғалары сыртынан тепкішекті қалаумен бекітілген, іргетасының биікт. 4 м. 1989 ж. жергілікті тұрғындардың күшімен қайта жөндеуден өткізілді. А.и.к-не қатысты құжаттар Алматыдағы “Қазақ жобалау-қалпына келтіру” ин-ты музейінде сақтаулы. Күмбез респ. маңыздағы тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне алынған.