АЙҒА САПАР

АЙҒА САПАР — сериялы “Аполло ” ғарыш кемелерімен Айға ұшуды жүзеге асырған адамдар тобының сапары. Әр сапарға үш астронавт қатысты, оның екеуі Айға арнаулы кабинамен қонып, біреуі орбитадағы негізгі бөлікте қалып, айналып ұшып жүрді. Бортында астронавтар Ф. Борман (кеме басшысы), Дж. Ловелл (негізгі бөліктің ұшқы- шы), У. Андерс (Ай кабинасының ұшқышы) бар “Аполло-8” кемесі 1968 ж. 24 жел- тоқсанда Айдың жасанды серігі орбитасына шығарылды. Қонатын орын сайлау мақса- тында Ай беті жақыннан суретке түсірідді, телевизиялық репортаж жүргізіліп, Айдың жасанды серігі орбитасынан Жерге қарай ұшатын жолға қайта түсу, Жер—Ай жолында ұшу, екінші ғарыштық жылдамдықта атмосфераға ену жұмыстары атқарылды. Ұшу бас-аяғы 6 тәул. 3 сағ 42 с-қа созылды. 1969 ж. 18майда аттандырылған “Аполло- 10” кемесімен астронавтар Т. Стаффорд (кеме басшысы) пен Ю. Сернан (Ай кабинасының ұшқышы) негізгі бөліктен (ұшқышы Дж. Янг) Ай кабинасына өтіп, Жер серігінен 12,8 км биіктікте 4 айналым жасап, аман-есен Жерге оралды. Ұшу 8 тәул. 3 мин 23 с-қа созылды. 1969 ж. 16 шілдеде Гринвич уақыты бойынша 13 сағ 32 мин-та “Аполло-11” ғарыш кемесімен астронавтар Н. Армстронг (кеме басшысы), М. Коллинз (негізгі бөліктің ұшқышы) және Э. Олдрин (Ай кабинасының ұшқышы) Айға аттанды. Ай кабинасы негізгі бөліктен бөлінгеннен кейін, автоматты режимде құлдилау басталды. Қонуға жақын қалғанда Армстронг кабинаның көлемдері 3 м-ге дейін жететін тастарға толы қазаншұңқырға тап келгенін дер кезінде байқап, автоматгы режимді өзгертіп, басқаруды өз қолына алып, Ай кабинасын қазаншұңқырдан 330 м шалғайға апарып қондырды. 1969 ж. 20 шілдеде Гринвич уақыты бойынша 20 сағ 17 мин 42 с-та кеме табаны Тыныштық теңізі тегісіне тиді. 1969 ж. 21 шілдеде 2 сағ 56 мин 20 с-та Армстронг адамзат тарихында тұңғыш рет Ай үстіне аяқ басты. “Бұл — адамның қарапайым қадамы, бірақ адамзат үшін ғаламат секіріс”, — деп бастады ол, алғашқы толқулы сөзін. Астронавтар Ай үстінде жүруді меңгерді, бірқатар ғыл. приборлар орнатты, 22 кг Ай жынысының үлгісін жинап, суретке түсірді. Олар Ай үстінен Жермен телевизиялық байланыс жасап, қайтыс болған бес ғарышкердің (Ю.А. Гагарин, В.М. Комаров, В. Гриссом, Э. Уайт, Р. Чаффи) бейнесі бе дерленген медальдарды қалдырды. Сыртта Армстронг 2 сағ 31 мин 40 с., Олдрин 2 сағ 15 мин болды. Ай кабинасына әуелі Олдрин оралып, арада он минут өткен соң Армстронг мінді. 1969 ж. 24 шілдеде кеме Жерге қайтып оралды. Үшу 8 тәул. 3 сағ 18 мин 35 с-қа созылды. “Аполло-12” ғарыш кемесі астронавтары Ч. Конрад (кеме басшысы), Р. Гордон (негізгі бөліктің ұшқышы), А. Биннің (Ай кабинасының ұшқышы) алдарына қойылған мақсат—Айды зерттеу, Ай бетіне изотопты генератордан ток алатын ғыл. құралдарды орнату, Жерге Ай жыныстарының үлгілері мен сонда 1967 жылғы 20 сәуірден жатқан “Сервейер-3” автоматты ғарыш аппаратының кейбір бөлшектерін Жерге алып келу болды. 1969 ж. 19 қарашада Дауыл мұхиты тегісіне қонғаннан кейін Конрад пен Бин сыртта екі рет: 3 сағ 56 мин және 3 сағ 49 мин болды. Олар кемеден 450 м қашықтықта жұмыс жасады. Үшу 10 тәул. 4 сағ 36 мин 25 с-қа созылды. “Аполло-13” кемесі [Дж. Ловелл (кеме басшысы), Дж.Л. Суйджерт (негізгі бөліктің ұшқышы), Ф. Хейс (Ай кабинасының ұшқышы)] Жерден 330 мың км алыстап, Айға 91 мың км қалғанда, оттекті-сутекті жанармай элементтері батареясына арналған оттегі бар қалбыр жарылып, кеменің негізгі бөлігі электр қуатынсыз қалды. Екі астронавт Ай кабинасына өтті, үшіншісі экипаж бөлімінде болды. Ай кабинасынан экипаж бөліміне оттегі келіп тұруы үшін екі арадағы люктер ашық қалдырылды. Ғарыш кемесі эллипстік геоцентрлік орбита бойынша Айды үлкен эксцентриситетпен айналып ұшып өтіп, Жерге оралды. Үшу 5 тәул. 22 сағ 54 мин 41 с-қа созылды. “Аполло-14” кемесінің қонатын аймағы “Аполло-13” орындай алмаған Фра Мауро қазаншұңқыры төңірегі болды. Әдеттегі міндеттерге қоса астронавтарға бұл жолы шағын магнитометрдің көмегімен локальды магниттік өрісті зерттеу, Айдың жасанды серігі орбитасындағы негізгі бөліктен (ұшқышы С. Руса) Ай үстін радиозондтау, Жер мен Ай арасындағы ұшу жолында технол. тәжірибелер жасау, “Аполло-12” ғарыш кемесі астронавтары орнатып кеткен сейсмометрмен сейсмологиялық дірілді тіркеу мақсатында “Сатурн-5” ракета ұшырғышының соңғы сатысын орбитадан Ай бетіне тастау ісін жүзеге асыру жоспарланды. 1971 ж. 5 ақпанда қонғаннан кейін астронавтар А. Шепард (кеме басшысы) пен Э. Митчелл (Ай кабинасының ұшқышы) сыртқа екі рет шығып, алғашқысында 4 сағ 48 мин, кейінгісінде 4 сағ 35 мин уақыт болып, кемеден 1,2 км- ге дейін қашықтай алды. Зерттеу жүргізген аймақтың кедір- бұдырлығынан магнитометр салынған салмағы 9 кг екі дөңгелекті арбаны, көп жағдайда, астронавтардың өз қол- дарымен көтеріп алып жүрулеріне тура келді. Айдан ұшып шығу және Жерге оралу алдын ала жасалған штатты бағдарлама бойынша жүзеге асырылды. Ұшу 9 төул. 1 мин 57 с-қа созылды. “Аполло-15”, “Ап- олло-16” және “Аполло-17” ғарыш кемелерінде Айды жа- санды серігі орбитасынан зерттеуге арналған приборлар кешені, кемеден бөлек ұшып жү- ріп зертгейтін автономды Айдың жасанды серігі, ал Ай кабинасында астронавтар айдап жүретін “Ровер” Ай электромобилі болды. 1971 ж. 30 шілдеде “Аполло-15” ғарыш кемесі негізгі бөлігінен (ұшқышы Э. Уорден) ажыраған Ай кабинасы Хэдли алабына қонғаннан кейін, Д. Скотт (кеме басшысы) пен Дж. Ирвин (Ай кабинасының ұшқышы) кемеден сыртқа үш рет шықты. Алғашқысы 6 сағ 33 мин, екіншісі 7 сағ 12 мин, үшіншісі 4 сағ 50 мин-қа созылды. Астронавтар зерттеу жұмыстарын Ай электромобилімен жүргізді, олар 27,2 км аймақты шарлап, Ай тастарын жинады, тас жынысы үлгісін алу үшін және Ай қыртысынан шығатын жылу ағынын өлшейтін құралдарды орнату үшін 2,7 м тереңдікте бірнеше оқпан қазды. Айдан Жерге оралу негізгі бағдарламаға сай өтті. Ұшу 12 тәул. 7 сағ 11 мин. 53 с-қа созылды. Кейбір технол. және биол. тәжірибелер “Аполло-16” (негізгі бөлігінің ұшқышы Т. Маттингли) астронавтарына жүктелген жаңа міндеттер болды. 1972 ж. 21 сәуірде Дж. Янг (кеме басшысы) пен Ч. Дьюк (Ай кабинасының ұшқышы) Ай кабинасымен Декарт қазаншұңқыры маңына қонғаннан кейін, кемеден Ай бетіне 7 сағ 11 мин, 7 сағ 23 мин және 5 сағ 40 мин-тен үш рет шықты. Астронавтар кемеден 5 км қашықтықта ғыл.-зерт. жұмысын жүргізді. Ай электромобилі ылдилы жерлерде сағатына 17 км жылдамдыққа дейін алып отырды. Олар 27,1 км жол жүріп, 3 м тереңдікте оқпандар қазды. Ай бетінде қалған Ай электромобиліне орнатылған телекамера арқылы ұшып шығу сәті телекөрініске түсірілді. Жерге оралу ойдағыдай өтті. Ұшу 11 тәул. 1 сағ 51 мин 5 с-қа созылды. 1972 ж. 11 желтоқсанда “Аполло-17” ғарыш кемесінің Ай кабинасы негізгі бөліктен (ұшқышы Р. Эванс) бөлініп, Айдағы Тавр тауы маңындағы алапқа қонғаннан кейін Ю. Сернан (кеме басшысы) мен X. Шмитт (Ай кабинасының ұшқышы) кемеден сыртқа 7 сағ 12 мин, 7 сағ 37 мин. және 7 сағ 15 мин-тен үш рет шықты. Ай кабинасынан 7 км қашықтықта астронавтар Ай электромобилімен 35,7 км жол жүрді, ғыл.-зерт. ісін жүргізді. Ылдилы жерлерде Ай электромобилі сағатына 18 км-ге Айғожа ишан күмбезі дейін жылдамдық алды. Тереңдігі 3 м оқпаңдар қазды, Ай тастарының үлгісін жинады. Жерге оралу негізгі бағдарламаға сай өтті. “Аполло-17” кемесінен кейін Айға сапар уақытша тоқгатылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *