АЙҒАҚ — қылмыстық істі немесе азаматтық істі дұрыс шешу үшін маңызды, заң- ды жолмен алынған мән-жайлар туралы нақты деректер. А- тар “т і к е л е й ” және “ж а на м а ” болып бөлінеді. А- тардың әр түрінің ерекшеліктерін ескере отырып, оларды жинаудың, анықтау мен тексерудің қағидалары заңмен белгіленген. Дәстүрлі сот билігінде: А. — маңызды іс жүргізу нышандарының бірі. А. берушіні сот кез келген тараптан шақыра алады. Болған қылмыстық іс-әрекет туралы көрген-білген дерегін бұлжытпай айтып беру әрбір мұсылманның парызы саналған. Күштеу, мәжбүрлеу ар- қылы А. тартуға тыйым салынған. Жалған А. берушілер жазаланған. Мыс., дәстүрлі сот билігі бойынша, зинақорлық жасады деп айып тағылған кезде 4 куәгердің 3-еуі — шын, 4-уі өтірік айғақ болса, онда бәрі бірдей жазаланады. Басқа қылмыстық іс-әрекеттерді анықтауда екі А. беруші жеткілікті саналған. Тегі таза, өзі әділ, мінезі байсалды адамның берген А-ы, сондай-ақ естігенін айтушының емес, көзімен көрушінің А-ы жоғары бағаланған.