АЙҒАНЫМ Сарғалдаққызы

АЙҒАНЫМ Сарғалдаққызы (1783, қазіргі Солт. Қазақстан обл. Сырымбет — 19.11.1853, сонда) — Шоқан Уәлихановтың әжесі, Уәлидің кіші әйелі. Патша өкіметі Орта жүздегі хан өкіметін таратқанда, Уәлиханның барлық мұрасы балаларының бөлісіне түсті. Хан ордасы — “Ханның қызыл ағашы” — үлкен ұлы Ғұбайдолла ұрпақтарына, Сырымбет кіші әйелі — А-нан туған балалардың иелігіне қалды. Уәли өлген жылы Шоқанның өкесі — Шыңғыс 10 жаста болатын. Әкенің барлық мұрасы ғұрып бойынша, үлкен ұлы Ғұбайдоллаға өтуге тиіс еді. Бірақ Ғұбайдолла саяси жағдайларға байланысты әке мұасына ие бола алмады. Ол ұзақ уақыт айдауда жүріп, қаза тапты. Сондықган Уөли өулетіндегі ел баскэру ісі оның жесірі А-ның қолына тиді. А. өз заманының алдыңғы қатарлы адамы болды, бірнеше шығыс тілдерін меңгерді. Петербургтегі Сібір к- тімен, Ресей Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментімен хат жазысып тұрды. Сібір қазақтарының жарғысы қабылданғаннан кейін, Солт. Қазақстандағы көптеген мәсе- лелерге оның ықпалы тиді. А- ның өз халқы алдындағы айрықша беделін түсінген патша өкіметі қазақтарға қатысты көптеген істерді шешуде ол кісімен ақылдасып отырған. Александр I патша А-ның өтінішін орындап, Сырымбет те қыстау салдырып берген. Қыстау сыртынан ағаш қорғанмен қоршалған. Қорған ішінде үлкен үй, мешіт, қонақ үй, үлкен 5 бөлмелі мектеп үйі, монша, диірмен, керме, сарай, т. б. болған.

1828 ж. Қызылжарда А. Батыс Сібірді тексеруге келген Сенат өкілдері В. К. Безродный және Б. А. Куракинмен кездесіп, оларға халықтың мұң-мұқтажы жазылған хат тапсырды. А. өз ұлы Шыңғысты Омбыдағы әскери уч-щеге оқуға берді. 12 жасар Шоқанды да, шешесі Зейнептің қарсы болғанына қарамай, Омбы қ-на оқуға жіберді. Шоқанның болашақта үлкен ғалым болып қалыптасуына әжесі А-ның әсері көп болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *