АЙЫРТАУ

АЙЫРТАУ — Қарағанды обл. жеріндегі тау сілемдері. Оның бір бөлігі Қарқаралы ауд— ндағы Қарасор к-нен (солт. бағытында) 10 —15 км жерде орналасқан. Ұз. 50 км, ені 10 км, абсбиікт. 814 м (Шарықты шоқысы). Девон жыныстарынан тұрады. Күңгірт қара қоңыр топырағында тобылғы, аласа қараған, бетеге, сұлыбас, жусан, т.б. өседі. А-дың екінші бөлігі Ақтоғай ауд-дағы Талды өз-нің Қызылқой мен Бабан бастаулары аралығында орналасқан. Ұз. 7— 8 км, абсбиікт. 894 м. Тас көмір кезеңінің гранитоидтарынан тұрады. Қиыршықты күңгірт қара қоңыр топырағында сұлыбас, қызғылт селеу, бұталар өседі. Етегінде бұлақтар жиі кездеседі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *