АЙЫРТАУ

АЙЫРТАУ — Солт. Қазақстан обл-ның Саумалкөл ауд-ндағы Имантау және Шалқар к-дері аралығында орналасқан тау. Ұз. 25 км. А. көл қазаншұңқырлары, өзен аңғарлары мен сайлар бөліп жатқан бірнеше шоқылар мен төбелерден тұрады. Ең биік жері 555 м. Силур граниттерінен түзілген, бетін плиоцен шөгінділері жауып жатыр. Сұр топырағында қарағай, қайың, қараған, тобылғы және түрлі шөп өседі. Тау ішінде суы тұщы шағын көлдер бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *