АЙЫРБАС — азаматтық құқықтағы келісім талаптары орындала отырып, бір мүліктің басқа мүлікке айырбасталуы. А. келісімшарты ҚР-ның қолданыстағы азаматтық заңдарында белгіленген ережелерге сәйкес жасалады. Егер заңда немесе келісімшартта өзгеше көзделмесе, айырбасталатын тауарларға меншік құқы сол мүлік иелікке берілген кезден бастап іске асады.