АЙЫП САЛУ

АЙЫП САЛУ (араб. әйб — 1. айыптау, жаза; 2. нұқсан, айып) — дәстүрлі құқықтық мәдениетте істеген қылмыстық іс-әрекетіне орай белгіленетін жаза түрі. Ол ж а н басымен тартатын және мал басымен тартатын жаза деп бөлінеді. А. с. малымен тартатын жаза түріне кіреді. Оған айып, тоғыз айып, ат-тон, құн төлеу, т.б. жатады. Әдетте, кінәлінің қылмысы анықталып, мойнына қойылғаннан кейін ғана айып салынған. Қылмыс түрлеріне орай А. с- дың да мөлшері өзгеріп отырады. Мыс., ұрлық істеген адамға ең ауыр жаза ретінде айыбына қолданылған. Айыбына жазасы белгіленген адам ұрланған мал-мүлікке қоса, үш тоғыз айып төлеген. Тоғыз айыбының өзі түрлеріне қарай: “қасқа тоғыз ” немесе “түйе бастатқан тоғыз ” (3 түйе, 3 ат, 3 сиыр), “ат бастатқан тоғыз” (3 ат, 3 сиыр, 3 қой) немесе “өгіз бастатқан тоғыз ” (3 сиыр, 6 қой) және “тоқал тоғыз ” (бұл — 8 қой) болып бөлінген. Ел арасындағы кішігірім теріс қылықтарға, әсіресе, кедейлерге “азусыз ат, жиексіз тон” айыбын салған. Ол әдетте, 1 қой және жай мата мөлшерінде болған. Бұл халық арасында “айтуы бар, алуы жоқ” деп те аталады. Ал өзара келісіп, бәтуаласқан даугерлердің бітімін “астарсыз шапан” деп жариялаған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *