АЙЫП-АНЖЫ — істелген қылмысына қарай өтелетін төлем, құн. 10 — 12 ғ-да монғолдар кісі өлтіру, ұрлық, т.б. қылмыс жасап айыпты болғандарға құн төлететін болған. Ондай құн “анжу” деп аталған. А. төлегеннен кейін айыпкерге жаза қолданылмаған. Ілгеріде қазақ халқында ұзатқан қызға қызметшілер қосып ілестіріп жіберген. Олар да “анжы” атанған. Анжылар барған еліне сіңіп, жақындасып кеткен. “Ағайын-анжы” деген сөз осыны мегзейді.