АЙЫППҰЛ — заңда белгіленген ретте және тәртіпте белгілі бір қағидаларды бұзушы тұлғаларға қолданылатын ақшалай айып салу, материалдық ықпал ету шарасы: а) қылмыстық құқықта — жазалаудың негізгі немесе қосымша шарасы ретінде қолданылады; ә) азаматтық құқықта — өнімдер мен тауарлар жеткізу жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындамағандығы үшін, жеке мүліктік емес құқыларға нұқсан келтірілген кезде қолданылады; б) тұрақсыздық айыбының бір түрі; в) әкімшілік құқықта —әкімшілік құқықтың бұзылуына кінәлі тұлғаларға судьялар, уәкілетті органдар (ішкі істер бөлімі, өрттен қорғау, санитарлық, малдәрігерлік қадағалау және т.б.), лауазымды адамдар А. тартқызады; г) іс жүргізушілік құқықта — заңда көзделген (мыс., сот мәжілісінің тәртібін бұзған) реттерде және мөлшерде сот А. сала алады.