АЙШЫҚ — сырға. Жарты ай тәрізделіп, алтын, кұміс, т.б. металдан жасалады да, түрлі түсті асыл тастармен безендіріледі, өте ұсақ інжу-маржандармен өрнектеледі. 1962 ж. Кеген өз-нің (Алматы обл.) аңғарында қазба жұмыстары жүргізілгенде, қабірден А. табылды. Бұл —3 —5 ғ-дың мұрасы. Күміс зерлі ердің алдыңғы қасына, бейіттің басына, мешіттің мұнарасына А. орнату ғұрпы бар.