АЙША БИБІ

АЙША БИБІ — шамамен 11 — 12 ғ. өмір сүрген ару қыз. Әкесінің есімі — Айғожа. А.б. еліне сапарлап келген Қараханмен жүздесіп, бір-бірін ұнатады. Алайда тұтқиылдан елін жау шапқанын естіген Қарахан дереу еліне аттанады. Уәделі кезде хабар болмаған соң, алаңдаған А. б. күйеу жігіт еліне барып, бір хабарын білейін, аман болса алдыңызға келіп ақ батаңызды алып қосылармыз деп, әкесінен рұқсат сұрайды. Бірақ қыз әкесі келісімін бермейді. Үш рет өтініп, меселі қайтқан А. б. 40 қыз жолдас ертіп, Қараханның еліне өз бетімен аттанады. Ел шетіне таяғанда демалмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол кезде сәукеленің ішінде жасырынып қалған улы жылан Айшаны басынан шағып өлтіреді. Қыздардың хабарын естіп Қарахан да жетеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Ең болмаса о дүниеде қосылайық деп Қарахан осы жерде Айшамен некесін қидырады. Келін болып босаға аттамаса да, уәдеге берік Айшаның соңғы демі өз қолында шыққанына әрі риза, әрі құса болған Қарахан сол А. б. қабірінің үстіне күмбез тұрғыздырады. Халық А. б-ні әулие санатына қосып, табынады. А. б. хикаясын зерттеген тараздық журналист Б. Әбілдаев “Айша бибі” деген пьеса жазды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *