АЙТҚОЖИН Эмиль Сабырұлы

АЙТҚОЖИН Эмиль Сабырұлы (30.5.1933 ж. т., Алматы қ.) — ғалым, тех. ғылдокт. (1993). Мәскеу мемлун-тін бітірген (1959). 1959 — 97 ж. Қазақстан ҒА-ның Ядролық физика ин-тында, Физика-техника ин-тында аға лаборант, инж., кіші және аға ғылқызметкер, лаборатория меңгерушісі, бас ғылқызметкер болды. 1997 жылдан ҚР Ұлттық ядролық орталықтың Ядролық физика ин-тында бас ғылқызметкерНегізгі ғылзерттеулері радиациялық физика мен радиациялық материалтану саласына арналғанОның басқаруымен ВВР-К атом реакторында металдардың сырғуын сынауға арналған тәжірибелік база құрылыпқұралымдық қорытпалар мен таза металдардың сырғымалылығы зерттелдіСондай-ақ таза металдардың (уран, мыс, алюминий) радиациялық сырғу құбылысының негізгі заңдылықтарын ашты. А-ның еңбектері көптеген Халықарғылконференцияларда тыңдалыпжоғары баға алдыҚазақстан Мемлсыйл. лауреаты (1978). 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *