АЙТЫҚ — сәулет өнері ескерткіші. 20 ғ-дың басында Павлодар қ-ның бұрынғы “мещан” бөлігінде салынған Айтық саудагердің үйі. Үйдің жобасы Г-әрпі түрінде, биік іргетасқа кірпіштен қаланған. Төбесі алғашқыда қаңылтырдан жабылған. Қабырғалары кірпіштің өзімен сәнді өріліп, безендірілген. Төбе жақтаулары темірден соғылған өрнекті шарбақшамен қоршалған. Қаңылтырдан жасалған су ағызатын құбыры осы күнге дейін сақталған.