АЙТХОЖИНА Нағима Әбенқызы (22.2.1946 ж.т., Петропавл) — ғалым, биол. ғыл. докт. (1990), проф. (1994), ҚР ҒА-ның корр. мүшесі (1995). ҚазМУ-дың биол. ф- тін бітірген (1969). 1974-81 ж. Қазақстан ҒА-ның Ботаника ин-тында кіші, аға ғыл. қыз— меткер, 1983-87 ж. Молекулалық биол. және биохимия ин-тында жетекші ғыл. қызметкер, ал 1988 жылдан оның директоры, сонымен қатар ҚР ҒА-ның биол. және мед. ғылымдары бөлімінің акад.- хатшысы (1996) қызметтерін атқарды. А-ның негізгі ғыл. жұмыстары жоғары сатыдағы организмдер геномының құрылымдық қызметі мен тұқым қуалаушылық ақпаратының молекулалық механизмдерін зерттеуге арналған. Қазақстанда алғаш рет “Ғарыштық биология және биотехнология” тақырыбын зерттеп, ғарышкерлер Т.Әубәкіров пен Т. Мұсабаевқа биотехнология бойынша ғыл. тәжірибелердін бағдарламасын жасады. А. бірнеше халықар. конгрестер мен симпозиумдарда (АҚШ, Германия, Израиль, Үндістан, т.б.) ғыл. бағдарламалар жасады.