АЙТМАТОВ Шыңғыс Төреқұлұлы

АЙТМАТОВ Шыңғыс Төреқұлұлы (12.12.1928 ж.т., Қырғ. Респ. Талас өңірі, Шекер а.) — қырғыз жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері. Қырғыз Респ-ның халық жа- зушысы (1968), Қырғыз Респ. ҒА-ның академигі (1974), Соц. Еңбек Ері (1978). Біздің дәуіріміздегі атағы дүниеге кең тараған, қазіргі әлем әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі саналатын А. проза жанрында және киносценарий, драматургия, әдебиет сыны, аударма  саласында бірдей еңбек етеді. Қырғыз және орыс тілінде жазады. Қырғыз а.ш. ин-тын бітірген соң (1953) Қазақстанның Жамбыл обл-нда зоотехник болып қызмет атқарған. 1956-58 ж. Мәскеудегі Жоғары әдебиет курсында тыңдаушы, 1959-60 ж. «Литераурный Киргизстан» журналының редакторы, 1960-65 ж. «Правда» газетінің Қырғызстандағы меншікті тілшісі, 1965-86 ж. Қырғызстан Кинематографистер одағының төрағасы, 1986 ж. Қырғызстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, 1988 ж. «Иностранная литература» журналының Бас редакторы, 1990 ж. КСРО-ның Люксембургтегі елшісі болды. 1991 жылдан Қырғызстанның Бельгиядағы төтенше және өкілетгі елшісі. 

“Әшім” атты тұңғыш әңгімесі 1952 ж. жарияланды. Онан кейін “Аспалы көпір” (1956), “Бетпе-бет” (1957), т.б. әңгімелері жарық көрді. Жазушыны алғаш әлемге танытқан тандаулы туындысы әйгілі “Жәмила” повесі (1958). М. Әуезов пен француз жазушысы, Л. Арагон осы шығарма арқылы А. дарынын жоғары бағалап, жүрек жарды пікір айтқан. Жәмила бейнесі соны сымбатымен әрі жаңашыл, сезімтал, жігерлі қасиеттерімен, өз бақыты үшін күресе білген батылдығымен, тал бойы мінсіз сұлу нәзіктігімен оқырман қауымды баурап алды. Ол қырғыз әйелдерінің жаңа буынының өкілі ретінде қабылданды. Осыдан кейін- ақ А. шығармашылығы ерекше құбылыс болып саналып, оның қаламынан туған әрбір туындысы әлемдегі мың-сан оқырман асыға күтіп, қолдан- қолға тигізбей оқитын құрметке ие болды. Шығ. шет елдерге де кеңінен танылды. А. қаламынан туған әрбір шығарма адамзаттық көкейкесті мәселелерді қозғауымен, сыршылдығымен, шыншылдығымен, жаңашылдығымен ерекшеленеді. А. туындылары түгелдей дерлік қазақ тілінде жарық көрді. Сонымен бірге француз, неміс, жапон, араб, түрік, парсы, т.б. дүние жүзінің көптеген тілдеріне аударылды. А. “Тау мен дала хикаялары” атты шығ. жинағы үшін 1963 ж. Лениндік сыйлық алды. “Қош бол, Гүлсары” (1967), “Ерте қайтқан тырналар” (1975) повестері, “Боранды Бекет” романы (1980) үшін үш мәрте (1968, 1977, 1983) КСРО Мемл. сыйл. лауреаты болды. “Шы- нарым менің, шырайлым менін” (1960), “Алғашқы ұстаз” (1962), “Ақкеме” (1970) повестерінде А. замандастарымыздың түрлі мінез болмысын, жастардың шынайы махаббатын, адам бойындағы мейірім мен қатыгездіктің табиғатын толғана суреттейді. “Ана — Жер-Ана”(1963) повесінде қырғыз халқының Отан соғысы жылдарындағы басынан кешкен қасіретін, қайғысын, сол ауыртпалықты көтере білген рухы биік Толғанай бейнесін шыншыл да, асқан шеберлікпен сомдаған. “Ана — Жер-Ана” спектаклі ең алғашқы рет Алматыда, М.О. Әуезов атынд. акад. драма театрында табыспен қойылды. Адамзатгың Айтматовы аталып кеткен, заманымыздың заңғар жазушысының кейінгі “Жанпида” (1986), “Кассандра таңбасы” (1995) романдары филос. терендігімен ерекшеленеді. Өмірдің сан қатпар сыры мен қырына үңілген, соның болмысын ашып көрсетуге бой ұрған зерделі зерттеу, пайымдауы мен тың, тосын көркемдік кестесімен қызықтырады. Оқырман назарын адамгершілік мінез құлықтың толғақты мәселелеріне аударады. А. шығармалары бойынша көптеген көркем фильмдер түсірілді. Бірсыпыра шығармаларының желісімен жасалған драмалық туындылары “Шынарым менің, шырайлым менің”, “Боранды бекет”, қазақ драматургі Қ.Мұхамеджановпен бірігіп жазған “Көктөбедегі кездесу” пьесасы Қазақстанның респ., обл. театрлары сахнасынан берік орын алды. Қазақ ақыны М.Шахановпен бірігіп жазған “Құз басындағы аңшының зары” атты эссе кітабы (1997) жарық көрді. Осы екеуі бірігіп жазған “ Сократты еске алу түні немесе миғұла терісі үстіндегі сот” атты пьесасы Қазақстанның Ғ. Мүсірепов атынд. балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды (1998). А. бірсыпыра Еуропа елдері академияларының құрметті академигі, бірнеше рет КСРО Жоғарғы Кеңесіне, Қырғызстан Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. А. ҚР Президентінің 1993 жылғы Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының лауреаты. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *