АЙТБОЗЫМ — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Ұлы жүздегі сіргелі тайпасынан таратылады. Ұраны — Қурай, таңбасы сірге. Шежіре бойынша үйсін, ойсыл бір туады. Ойсыл Сіргелі деген лақап атымен белгілі. Одан Елбақ, Жаңабай, Жайдақ, Батыр, Шалдар, Байжігіт, Есентай, Уылдырық (Ақкеңірдек), Буылдырық (Қаракеңірдек), Тутамғалы, Қайшылы деген 11 ұл тараған. А. осының Елбақ бөлігінен тарап, үлкен руға айналған. А. Сақалай, Топыш, Қалыбек, Жәнібек, Саспақ, Жарас ата- ларына бөлінеді. А. руының ежелгі қонысы — Ташкент маңы.