АЙТБАКИН Әміре Дүрманұлы

АЙТБАКИН Әміре Дүрманұлы (1861, бұрынғы Семей обл. Павлодар у. Ақбеттау болысы — 1919, Өскемен) — алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі. Баянауыл өңіріндегі Айтбақы байдың отбасында дүниеге келген. А-ның екі ағасы — Темірғали мен Омар Омбы кадет корпусын, Ресей армиясының Бас штабы жанындағы әскери академияны және әскери-инжуч-щені бітірген. А. 1882 ж. Омбы мұғалімдер семинариясын аяқтағаннан кейін осы қаладағы гимназияда сабақ берді. 1883 — 89 ж. Дала ген.-губернаторының, Семей обл. әскери губернаторының тілмашы, Қарқаралы у. бастығының көмекшісі, Семей обл. әскери губернаторы кеңесінде айрықша тапсырмалар жөніндегі шенеунік болды. 1885 ж. мамыр айында ол Шар өз. бойындағы Қарамолада 5 уездің билері мен ел жақсылары талқылаған “Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережелерін” жазуға қатысты. 1889 — 94 ж. Томск ун-тінің мед. ф-тін бітірді. Қарқаралы және Павлодар уездерінде дәрігер, 1898 жылдан бастап Өскемен уезі Большенарым кентінде учаскелік дәрігер болды. 1902 ж. ол Қарқаралыдағы Құнанбай мешітінің имамы Ғұбайдолла Бекметов қажының қызы Махфузаға (1888 — 1956, Баку) үйленді. А. Қазан төңкерісіне дейін Өскемен уезінің Зайсан мен Қатынқарағай аралығындағы ауылдарда дәрігерлік қызмет атқарды. Төңкеріс жылдарында жергілікті кеңестің төрағасы, Өскемен уездік кеңесі атқару комитетінің мүшесі болды, уездік земство басқармасында қызмет етті. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *