АЙТБАЙ МЕШІТІ — сәулет өнері ескерткіші. Қызылорда қ-нда орналасқан. 1878 ж. Айтбай қажының қаржысына Әулиеата шеберлері Ысқақ пен Камал салған. Ауд. 22 х 16, биікт. 14 м. Алдыңғы жағы үлкен портал болып келеді, күйдірілген қышпен өрнектелген, ортасындағы ойық-есік, екі жағынан төрт жалған терезе іспеттес оймышпен әшекейленген. Төбесі қаңылтырмен жабылып, іші сыланып, әктелген. 1980 ж. “Қазақ жобалау — қалпына келтіру” ин-ты мешіттің толық қалпына келтіру-жөндеу жобасын жасады.