АЙТБАЙ (1830, қазіргі Қарағанды обл. Егіндібұлақ ауд. — 1916, сонда) — халық әншісі, сазгер, суырып салма ақын. А. әншілік, ақындық әрі сазгерлік өнерімен кезінде Орт. Қазакстанға кеңінен танылды. Оның Ғаббас (қ. Айтбаев Ғ.), Ұсайын, Қадыс, Мұқан деген балалары да шетінен әнші-өнерпаз болған. А-дың әндері сыршыл сазды болып келеді. Оның әншілік-орындаушылық өнері балаларына, сол маңның әншілеріне елеулі әсер еткен. А-дың “Айтбай”, “Кәлләм”, “Перизат”, “Раушан”, т.б. әндерін А.В. Затаевич оның балаларынан жазып алып, нотаға түсірген. Е.Г. Брусиловский А-дың “Раушан” әнін “Қыз Жібек” операсында пайдаланды.