АЙТАЛИЕВ Шмидт Мұсаұлы

АЙТАЛИЕВ Шмидт Мұсаұлы (28.1.1935 ж.т., Орал) — ғалым, техғылдокт. (1974), проф. (1980), Қазақстан ҒА- ның акад. (1994). ҚР ғылымы мен техникасына еңбек сің. қайраткер (1995). Қаз-МУ-ды бітірген (1957). 1957 — 60 ж. Орал пед. ин-тының ассистенті. 1960 — 76 ж. және 1987 — 91 ж. Қазақстан ҒА Матемжәне мех. ин-тының, 1976 — 86 ж. Сейсмология ин- тының, Мех. және машинатану ин-тының кіші және аға ғылқызметкері, лаборатория меңгерушісі болды. 1992 — 97 ж. Атырау қ-ндағы ҚР ҒА Батыс бөлімшесінің акад.- хатшысы қызметін атқарды. 1997 жылдан ҚР ҒМ — ҒА- ның физ.-матем. бөлімшесінің төрағасы. Негізгі ғыл. еңбектері тау жыныстары механикасына арналған. Біртекті және әртекті анизотроптық серпімді-пластикалы тұтқыр массивтегі жер асты құрылыстарының статикалық және динамикалық кернеу күйін, деформациялануын, қозғалуын, беріктілігі мен орнықтылығын зерттеген. Жер асты бекітпелерінің жаңа құралымдарын есептеу әдістерін жасады. 9 — 10 баллдық жер сілкінісі кезіндегі болашақ Алматы метросының сейсмикалық орнықтылығын анықтады. Сондай-ақ терең мұнайгаз оқпанын бұрғылау динамикасының, көліктік құрылыс механикасының кейбір өзекті мәселелерін де зерттеді. А,— республикадағы жер асты құрылыстары механикасының ғыл. мектебін құрушылардың бірі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *