АЙТАЛИЕВ Жарқын

АЙТАЛИЕВ Жарқын (15.8. 1903, Батыс Қазақстан обл. Жәнібек аудШоңай а. — 26.9.1970, Алматы) — геолог, Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1958). Томск техноло— гиялық ин-тын бітірген (1930). 1930 — 1938 ж. Оңт. жөне Орт. Қазақстанда темір, полиме— талл, Алтай мен Қалбаның сирек кездесетін металл кендерін барлаумен шұғылданған. 1938 — 48 ж. халық ш-на, әсіресе, майдан мұқтажына аса қажетті шашыранды және сирек кездесетін металдарды іздеу мен зерттеуде көп жұмыс атқарды. Алтай кен-металлургия ғыл.-зерт. ин-тының директоры, геол. бөлімінің меңгерушісі (1948-56), Қазақстан Геология министрінің орынбасары (1957-61), Казақстан ҒА Физгеогр. секторының меңгерушісі (1963- 67) болды. А-тің жетекшілігімен Таулы Алтайдағы сирек кездесетін металдар аймағының қазақстандық бөлігі бойынша металлогениялық мәліметтер жинақталып, қорытылды, Қалба-Нарын металлогения белдеуінің болжамдық картасы жасалды. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *