АЙСАРЫ — ШОРМАН

“АЙСАРЫ — ШОРМАН” – ғашықтық дастан. 1946 ж. Тіл және әдебиет ин-ты ұйымдастырған фольклорлық экспедиция Ақмола, Көкшетау өңірінде болғанда көкшетаулық жергілікті халық ақыны Сатыбалды Аймағанов жырлап беріп, Бозтай Жақыпбаев қағазға түсірген. Дастан қара өлең түріндегі 7 — 8 кейде 11 буынды болып келетін жыр үлгісімен шығарылған. Негізгі тақырыбы — екі жастың махаббат жолындағы күресі мен ауыр да қайғылы тағдыры. Бай қызы Айсара мен жалпы жігіт, сал-сері, батыр Шорман аралығындағы сүйіспеншілік сезімдері, бас бостандықтары жолында махаббат үшін құрбан болып, арманда кетуі шынайы суреттеледі, әлеум. теңсіздік пен әділетсіздік батыл айыпталады. Жыр бұрын ешқайда жарияланбаған. Толық нұскасы ҚР ҒА ОҒК мен М.О. Әуезов атынд. Әдебиет және өнер ин-ты қорларында сақтаулы. Авторы белгісіз. Көкшетау өңіріне кең тараған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *